«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 7-1/247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10782 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 7-1/247 бұйрығымен бекітілген
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
Нысанды киім (погонсыз) бұйымдарының атауы | Өлшем бірлігі | Бір адамға арналған бұйымдардың саны | Кию мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ерлер жиынтығы | |||
Парадтық фуражка | дана | 1 | 5 |
Күнделікті фуражка | дана | 1 | 2 |
Берет | дана | 1 | 2 |
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын | дана | 1 | 5 |
Пальто | дана | 1 | 4 |
Плащ | дана | 1 | 3 |
Шалбары бар парадтық китель | жиынтық | 1 | 3 |
Шалбары бар күнделікті китель | жиынтық | 1 | 2 |
Күрте шалбарымен | жиынтық | 1 | 2 |
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті жейде | дана | 2 | 1 |
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті жейде | дана | 4 | 1 |
Галстук | дана | 2 | 1 |
Шарф | дана | 2 | 5 |
Туфли | жұп | 1 | 1 |
Жылы етік (қысқа қонышты етік) | жұп | 1 | 2 |
Кокарда | дана | 3 | мерзімі жоқ |
Жеңге тігілетін белгі | дана | 4 | 3 |
Шеврон | дана | 4 | 3 |
Нөмірлік төсбелгі | дана | 2 | 10 |
Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | мерзімі жоқ |
Былғары белбеу | дана | 1 | 2 |
Әйелдер жиынтығы | |||
Парадтық фетр таблетка-қалпақ | дана | 1 | 5 |
Күнделікті фетр таблетка-қалпақ | дана | 1 | 2 |
Берет | дана | 1 | 2 |
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын | дана | 1 | 5 |
Пальто | дана | 1 | 4 |
Плащ | дана | 1 | 3 |
Юбкасы бар парадты китель | жиынтық | 1 | 3 |
Юбкасы бар күнделікті китель | жиынтық | 1 | 2 |
Күрте юбкасымен | жиынтық | 1 | 2 |
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті блузка | дана | 2 | 1 |
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті блузка | дана | 4 | 1 |
Галстук | дана | 2 | 1 |
Шарф | дана | 1 | 5 |
Туфли | дана | 1 | 1 |
Жылы етік | дана | 1 | 2 |
Кокарда | дана | 3 | мерзімі жоқ |
Жеңге тігілетін белгі | дана | 4 | 3 |
Шеврон | дана | 4 | 3 |
Нөмірлік төс белгі | дана | 2 | 10 |
Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | мерзімі жоқ |
Былғары белбеу | дана | 1 | 2 |
Арнайы киім | |||
Қой терісінен жасалған қысқа тон | дана | 1 | 5 |
Унты | жұп | 1 | 3 |
Резеңке етік | пара | 1 | 2 |
Әйелдердің қысқа қонышты хром етігі | жұп | 1 | 2 |
Статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке | жұп | 1 | 2 |
Халат | дана | 2 | 0,5 |