Близость слов: Окончание:





Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 7-1/247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10782 тіркелді
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы № 7-1/247
 бұйрығымен бекітілген
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
 

Нысанды киім (погонсыз) бұйымдарының атауы

Өлшем бірлігі

Бір адамға арналған бұйымдардың саны

Кию мерзімі (жыл)

1

2

3

4

Ерлер жиынтығы

Парадтық фуражка

дана

1

5

Күнделікті фуражка

дана

1

2

Берет

дана

1

2

Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын

дана

1

5

Пальто

дана

1

4

Плащ

дана

1

3

Шалбары бар парадтық китель

жиынтық

1

3

Шалбары бар күнделікті китель

жиынтық

1

2

Күрте шалбарымен

жиынтық

1

2

Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті жейде

дана

2

1

Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті жейде

дана

4

1

Галстук

дана

2

1

Шарф

дана

2

5

Туфли

жұп

1

1

Жылы етік (қысқа қонышты етік)

жұп

1

2

Кокарда

дана

3

мерзімі жоқ

Жеңге тігілетін белгі

дана

4

3

Шеврон

дана

4

3

Нөмірлік төсбелгі

дана

2

10

Галстукке арналған қысқыш

дана

1

мерзімі жоқ

Былғары белбеу

дана

1

2

Әйелдер жиынтығы

Парадтық фетр таблетка-қалпақ

дана

1

5

Күнделікті фетр таблетка-қалпақ

дана

1

2

Берет

дана

1

2

Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын

дана

1

5

Пальто

дана

1

4

Плащ

дана

1

3

Юбкасы бар парадты китель

жиынтық

1

3

Юбкасы бар күнделікті китель

жиынтық

1

2

Күрте юбкасымен

жиынтық

1

2

Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті блузка

дана

2

1

Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті блузка

дана

4

1

Галстук

дана

2

1

Шарф

дана

1

5

Туфли

дана

1

1

Жылы етік

дана

1

2

Кокарда

дана

3

мерзімі жоқ

Жеңге тігілетін белгі

дана

4

3

Шеврон

дана

4

3

Нөмірлік төс белгі

дана

2

10

Галстукке арналған қысқыш

дана

1

мерзімі жоқ

Былғары белбеу

дана

1

2

Арнайы киім

Қой терісінен жасалған қысқа тон

дана

1

5

Унты

жұп

1

3

Резеңке етік

пара

1

2

Әйелдердің қысқа қонышты хром етігі

жұп

1

2

Статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке

жұп

1

2

Халат

дана

2

0,5

Полная версия
ИС BestProfi