Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 319 Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.12.2023 жылғы № 423 Жарлығына сәйкес (05.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ________________ (аты-жөні) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органына қызметке кіре отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді, Қазақстан Республикасының егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып:
1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2023 жылғы № 423 Жарлығымен (05.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) бұрын әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қызметке қабылданған адамдар алғашқы арнаулы атақ берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей;
2) бұрын әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің мәртебесі берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.07.2022 жылғы № 955 Жарлығына сәйкес (07.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған арнаулы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары ант қабылдайды.
2. Ант қабылдау салтанатын өткізу күні, уақыты мен орны арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын адамның тиісті бұйрығында көрсетіледі.
3. Ант арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын адамның басшылығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының рәміздерімен безендірілген орындарда салтанатты жағдайда қабылданады.
6. Ант қабылдауға келген қызметкерлер белгіленген уақытта арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен және ант қабылдау үшін бөлінген орынға сапқа тұрады.
8. Арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы немесе оны алмастыратын адам анттың мағынасын және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің жоғары жауапкершілігін қысқаша түсіндіреді.
Ант қабылдауға келген қызметкерлердің саны көп болған жағдайда 10-15 адамнан бірнеше топ құрылады, олардың әрқайсысына әдетте арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы орынбасарларының арасынан ант қабылдауға жауапты адам тағайындалады. Жауапты адамдар арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын адамның командасы бойынша қызметкерлерден ант қабылдауға кіріседі.
Мемлекеттік тілде және орыс тілінде тиісінше ресімделген және жазылған ант мәтіні ант қабылдайтын адамның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
10. Арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы немесе оны алмастыратын адам ант қабылдауға келген қызметкерлерді құттықтайды, сондай-ақ ант қабылдау салтанатына қатысушылар да оларды құттықтай алады.
13. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің уақтылы ант қабылдау жауапкершілігі, оны қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бөлімшелері басшылары мен кадр аппараттарына жүктеледі.