Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.02.2012
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 619 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 21.02.2012 № 248 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің студенттерге берген кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесінде: 
3-тармақтың 8) тармақшасындағы "кредиттер мерзіміне, сондай-ақ,", "мен кредиттер", "актуарлық үлгі негізінде есептелген" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі."; 
мемлекеттік тілдегі мәтінде 17-тармақтың 3) тармақшасындағы "қолданылған" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын: 
23-тармақтағы "80" деген сандар "95" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi