Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 675 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 73 Бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 20 маусымдағы
 № 675 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі (бұдан әрі - кемелер) қызметті ұйымдастыру негіздерін анықтайды.
2. Осы Жарғы типіне, мақсатына және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуді жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен тіркелген барлық теңіз кемелеріне қолданылады. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекаралық қызметтің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
3. Осы Жарғының талаптары кеме экипажы мүшелеріне олар кемеде болған кезде де, жағада қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, сондай-ақ уақытша болған және кемеде қызметтік міндеттері мен жұмысын орындап жүрген тұлғаларға да міндетті болады.
4. Экипаж еңбегін кеме капитаны қолданыстағы еңбек заңнамасына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.
5. Осы Жарғыға кірмеген экипаж мүшелерінің лауазымдық міндеттері кеме капитанымен келісім бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулығында анықталады.
6. Кемелерде қызметтерді ұйымдастырудың негізі экипаждың барлық мүшелерінің, сондай-ақ жолаушы ретінде кемеде уақытша болатын тұлғалардың міндеттерін анықтайтын кеме кестесі болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кемеде Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығына куәлік алғаннан кейін көтеріледі. Туды алғашқы көтеру күні кеме мерекесі болып есептеледі.
8. Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілі екенін көрсетеді.
9. Мемлекеттік ту кеме жүзген кезде және ол тұрақта тұрған кезде күн сайын таңғы сағат 8-ден бастап көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8-ден ерте көтеріледі және күн батқаннан кейін, оның көріну жағдайында, мынадай жағдайларда түсірілмейді:
1) кеме портқа кірген кезде және ол порттан шыққан кезде;
Полная версия
ИС BestProfi