Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.11.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Коммуналдық қызмет көрсетулерді ұсыну ережесі бекітілсін. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың 2,3-абзацтары алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.11.2004. № 1175 қаулысымен. (11.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 7 желтоқсандағы
 N 1822 қаулысымен
 бекiтiлген
Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
газбен жабдықтау", "газбен жабдықтаумен", "газ", "газды", "газдың" деген сөздер алынып тасталды ҚР Үкіметінің 11.06.2003. № 568 қаулысымен (07.12.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы ЕРЕЖЕ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалды және коммуналдық қызмет көрсету тәртiбiн, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету (бұдан былай - қызмет көрсету) ақысын белгiлейдi, сондай-ақ қызмет берушiлер мен тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. 
2. Осы Ережелерде мынадай анықтамалар қолданылады: 
коммуналдық қызмет көрсету - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан былай - электрмен жабдықтау), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңайындағы, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету; 
қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан былай - энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады. 
тұтынушы - коммуналдық қызметтi пайдаланатын азамат, қызмет көрсетудi беру режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбiр тұрпаты үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi; 
энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су (бұдан былай - энергия) жеткiзу және сату; 
энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, суды тұтынушыларға жеткiзудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға; 
энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым; 
Полная версия
ИС BestProfi