«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-3) тармақшасына және 5-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторын айқындау және Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес «Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 27.02.2015 жылғы № 7-1/179 Бұйрығын қараңыз
1. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы рәсімінің операторы – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы болып айқындалсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 қаулысымен бекітілген
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Процессингтік орталықтың қызмет ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша дерекқор – тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
3) процессингтік орталық – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ақпараттың сақталуын және нақтылығын, жеке нөмірлердің уақтылы эмиссиясын қамтамасыз ететін, жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізетін жеке нөмірлердің эмиссиясы рәсімінің операторы;
4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлу;
5) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдары (құралдары) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге құралдар;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – сырғалауға және таңбалауға арналған аппараттар;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарына ен салу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына (құралдарына) жеке нөмірлерді салуды жүзеге асыратын ұйым;
9) көліктік ыдыс – дербес көліктік бірлікті (қорап, жәшік, контейнер және басқа орам түрлері) құрайтын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды салуға арналған орамдар;
10) конверт әдісі – көліктік ыдыстан даналық материалдарды (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар) іріктеп алу кестесі.
3. Процессингтік орталық:
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
2) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды;
4) белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткізу поцесінде оларды іріктеп алуды (бұдан әрі – іріктеп алу);
5) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады.
4. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу және жеткізу процесінде олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауды жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алу жүргізілгенге дейін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша жеке нөмірлердің қажеттілігін анықтайды және оны процессингтік орталыққа тапсыруды жүзеге асырады.
6. Процессингтік орталық жеке нөмірлердің қажеттілігі туралы ақпаратты алған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
1) ауыл шаруашылығы жануарларының бұрын берілген жеке нөмірлерін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін анықтауды;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін үлестіріп беруді;
3) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор қалыптастыруды және кейіннен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін тапсыруды жүргізеді.
7. Процессингтік орталық дерекқорлар, жеке нөмірлердің эмиссиясы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерде үлестіріп берілген жеке нөмірлердің пайдаланылуын қадағалайды.
8. Берілетін жеке нөмірлер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
9. Ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін жеке нөмірлерді тізімнен шығару жеке нөмірлер эмиссиясының және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорларында көрсетіледі.
10. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң есептен шығарылған жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асырады.
3. Іріктеп алуды жүзеге асыру тәртібі
11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін сатып алынатын бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің және процессингтік орталықтың жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік органның ветеринария саласындағы ведомствосының құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің құрамынан тұратын комиссия құрады.
12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу көліктік ыдыстардың санына байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың диагоналі бойынша төменгі, ортаңғы және жоғарғы қабатынан іріктеп ала отырып жалғыз, екі және үш конверт әдісімен жүзеге асырылады, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған 100 бұйымнан және 3 атрибуттан кем болмауы тиіс.
13. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау тіркеу кезінде өндіруші тапсырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үлгілерімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін іріктеліп алынған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды көзбен қарап салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
14. Іріктеп алудың нәтижелері осы іріктеп алу рәсімі жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде тиісті актімен ресімделеді және оған сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу комиссиясы мүшелері қол қояды.
Іріктеп алынған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар акті ресімделгеннен кейін жеткізушілерге қайтаруға жатады.
4. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу тәртібі
15. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқормен өзара байланысты.
16. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша үлестіріп берілген ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлердің есебін жүргізуді;
2) лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
17. Тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпарат процессингтік орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.
Полная версия