Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 745 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Екінші деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепілдiк беру ережесi
Ереженің тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Осы Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегі банктердiң беретiн білім беру кредиттеріне (бұдан әрi - кредит) "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қаржы орталығы) кепiлдiк беру тәртiбiн реттейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Ереже кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге, кредит шарттары бойынша қарыз алушылардың мiндеттемелердi орындамауына байланысты кредиторлардың тәуекелiн төмендетуге, берілетiн кредиттер көлемiн ұлғайту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, қарыз алушылар ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн жүйенi құру мақсатында әзiрлендi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2008 № 389 Қаулысымен (30.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2) кепiлдiктi мiндеттеме - Қаржы орталығының кредитор алдында бас келiсiмде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепiлдiктер мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi;
3) бас келiсiм - кредитор мен Қаржы орталығының арасында жасалған, олардың кредиттерге кепiлдiк беру жөнiндегi өзара қарым-қатынас жасау тәртiбiн белгiлейтiн шарт;
4) дефолт - қарыз алушының кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiлдiкте мiндеттемелердi орындау рәсiмi басталады;
7) кредитор - қарыз операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органның лицензиясы бар екiншi деңгейдегі банк;