Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.02.2014
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 11.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 28.02.2014 жылғы № 158 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
4) «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1152 қаулысымен
бекітілген
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетіледі. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, интернет-ресурсы: www.mtс.gov.kz, телефон: 8 (7172) 74-03-64, факс: 8 (7172) 74-03-64.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы 1) тармағының 9) тармақшасы, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 22, 42, 43, 45, 47-баптары негізінде және «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты: www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында және құжаттарды қабылдау орнында ақпараттық стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 2, 3-қосымшаларға сәйкес ресімделген Мемлекеттік лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар, лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан www.elicense.kz интернет порталының «Байланыс саласындағы лицензиялау» бөлімі арқылы электронды түрде дәлелді бас тарту болып табылады.
Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және Комитет мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi