«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.03.2015 жылғы № 346 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация (бұдан әрі – ИКАО) туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиациясының метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары және ұсынатын практикасы негізінде әзірленді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ALT (бұдан әрі – АLT) – теңіздің орта деңгейінен бастап (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы MSL (бұдан әрі – MSL) нүкте деңгейіне немесе нүкте орнына алынған объектіге дейінгі қашықтық;
2) авиациялық жұмыстар – басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделеріне қатысты азаматтық әуе кемелерін пайдалану арқылы пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;
3) авиациялық метеорологиялық станция – бақылау жүргізуге және жинақтауға халықаралық аэронавигацияда пайдаланылуға тиіс метеорологиялық мәліметтерге арналған станция;
4) авиациялық пайдаланушы – метеорологиялық ақпаратты авиациялық мақсатта пайдаланатын пайдаланушылар, ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, іздестіру-құтқару қызметі органдары, әуежайлардың әкімшіліктері және басқа ұйымдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
5) автоматты тәуелді бақылау (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы ADS (бұдан әрі – ADS) – борттық навигациялық жүйелерден және орналасу жерін, соның ішінде әуе кемесінің анықтау индексін, төрт өлшемде оның орналасу жерін, қажет болғанда қосымша мәліметтерді анықтау жүйелерінен алынған ақпаратты мәліметтерді беру желісі бойынша әуе кемелері автоматты түрде ұсынатын бақылау әдісі;
6) авиациялық белгіленген электр байланысының торабы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы AFTN (бұдан әрі – AFTN) – авиациялық белгіленген қызметтің бөлігі болып табылатын және байланыс немесе баламалы сипаттамадағы авиациялық белгіленген станциялардың арасында мәліметтермен және (немесе) цифрлы деректермен алмасуды көздейтін авиациялық белгіленген тізбектердің дүниежүзілік жүйесі;
7) авиациялық белгіленген қызмет (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы AFS (бұдан әрі – AFS) – аэронавигацияның қауіпсіздігі, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағытталған белгіленген пункттердің арасындағы электр байланысының қызметі;
8) адам факторы аспектілері – жобалау, сертификаттау, кадрларды даярлау процестеріне, авиациядағы техникалық қызмет көрсету және пайдалану қызметіне қолданылатын және адам мүмкіншілігін тиісті есепке алу арқылы адам мен жүйенің басқа да компоненттері арасындағы қауіпсіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
9) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік жүйесі (бұдан әрі – АБДЖ) – аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарының маршруттар бойынша авиациялық метеорологиялық болжамдарды біркелкі стандартталған нысанда ұсынуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік жүйе;
10) аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталығы (бұдан әрі – АБДО) – мемлекеттерге тікелей авиациялық белгіленген қызметтердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауа райының ерекше құбылыстарының болжамын, әлемдік ауқымда цифрлы нысанда биіктік болжамдарын дайындау және таратуға арналған метеорологиялық орталық;
Полная версия