Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 430 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 07.04.2015 жылғы № 314 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 сәуірдегі
 № 430 қаулысымен
 бекітілген
Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары
Осы Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін регламенттейді.
2. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі
1. Арнайы мекемелерде (уақытша ұстау изоляторларында (бұдан әрі - УҰИ) белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарында (бұдан әрі - ҚТО), әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарында (бұдан әрі - АҚО) медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті, арнайы мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, венерологиялық аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге және емдеуге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
3. Арнайы мекемелердің емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ішкі істер органдары) бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі, ішкі істер органдары департаменттерінің медициналық қызметтері (бұдан әрі - медициналық қызметтер) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында арнайы жабдықталған медицина қызметкерінің кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.
5. Медициналық кабинет медициналық қызметтің басшысы бекіткен тізбеге сәйкес медициналық тағайындалу бұйымдарымен және медициналық техникамен, залалсыздандыру құралдарымен және жуу материалдарымен қамтамасыз етіледі.
6. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің қызметі арнайы мекеменің бастығы бекіткен, медициналық қызметпен келісілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
7. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді арнайы мекемелер белгіленген тәртіппен медициналық қызметке ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi