Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1946 Қаулысы
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша); 
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 1999 жылғы 20 желтоқсандағы
 N 1946 қаулысына
 1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы Ереже
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. ЖҒТК-нi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары тұлғасындағы екi орынбасары болады. 
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттiк органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, ұлттық компаниялар, iрi бизнес және үкiметтiк емес сектор өкілдерінен қалыптастырылады. 
ЖҒТК-нiң жанынан дүниежүзiне танымал отандық және шетелдiк ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестiң ережесi мен құрамын төраға айқындайды. 
Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2001. № 357 қаулысымен, 20.02.2004. № 207 қаулысымен, 02.08.2004. № 820 қаулысымен, 15.04.2005. № 362 қаулысымен, 25.08.2006. № 815, 29.01.2007. № 63 қаулыларымен.
3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ғылым туралы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
3-тармақ өзгертілдіҚР Үкіметінің 20.02.2004. № 207 қаулысымен. (27.08.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi