Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарының үлгіcіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 жылғы № 4-1/620 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына, 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидалары;
2) астық қолхаттарының үлгісіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптар;
3) Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 қарашадағы
 № 1395 қаулысымен
 бекітілген
Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидалары
1. Осы Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 каңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) астық қолхаттарының тiзiлiмi – астық қолхаттарын есепке алу құжаты;
2) индоссамент – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын тапсыру жазбасы;
3) индоссант – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтарды беретiн тұлға;
4) индоссат – астық қолхаты немесе оның куәлiктерi бойынша құқықтарды қабылдайтын тұлға;
5) кепiл куәлiгi – астық қолхатын ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындауды талап ету құқығын куәландыратын астық қолхатының бiр бөлiгi;
Полная версия
ИС BestProfi