Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
"Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 820 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8140 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің
 2012 жылғы 27 қарашадағы
 № 820 бұйрығымен
 бекітілген
«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Осы «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 32-2-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына (бұдан әрі - Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – заңды және жеке тұлғалар;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдар.
3. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 32-2-бабы;
Полная версия
ИС BestProfi