Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017
Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2042 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 26.12.2016 жылғы № 852 Қаулысына сәйкес
«Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.03.2015 жылғы № 280 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 8 желтоқсандағы
 N 2042 қаулысымен
 бекітілген
Биржа саудасының үлгі ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 59 Қаулысымен (08.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы өзінің Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі - Биржаның ережесі) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық сауда-саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық сауда-саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісімшарт;
6) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Биржа ережесі шеңберінде жүргізілетін процесс;
7) биржалық алым - тауар биржасы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру үшін алатын комиссия;
Полная версия
ИС BestProfi