Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 849 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 26 маусымдағы
 № 849 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
 
Р/с № Салық төлеуші
1 «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы
Полная версия
ИС BestProfi