Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2013
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 986.
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 жылғы № 06-7/32 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.09.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72  өкімін  орындау үшін Бұйырамын:  
1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде N 732 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі N А-33 қағидасы  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттiк қызмет
 iстері жөніндегі агенттiгi
 1999 жылғы 24 қарашада
 N А-202 бұйрығымен бекітілген
: Қағидада бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін тиісінше ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы", ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 03.09.2007. № 02-01-02/113 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға  
  орналасуға конкурс өткiзудiң  
  Қағидасы 
Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды, және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  14-бабына сәйкес әзiрлендi. 
1. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. 
2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.  
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 бұйрығымен.
3. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады.
4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс
4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады. 
: 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 бұйрығымен.
5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.  
5-1. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.  
: 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығымен.
2. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi 
6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы: 
Полная версия
ИС BestProfi