Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.03.2014
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 175 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) «Өлшеу құралдарының типін бекіту сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.06.2013 жылғы № 587 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2013  жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді, ол сондай-ақ «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi