Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009
Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 17 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5168 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07.2009 № 338 бұйрығымен. (12.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.02.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжат айналымы департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықты ол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2008 жылғы 12 ақпандағы
 N 61 бұйрығымен бекітілген
"Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының Үлгі Біліктілік сипаттамалары"
1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазым Үлгі Біліктілік сипаттамалары
Қызметтік міндеттері: Оқу орнының Жарғысына сәйкес білім ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерін жүргізеді. Жоғары оқу орнының қызметіне ағымды және алдағы жоспарлау ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуі, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүргізеді, осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді түрде пайдаланып, дамытады. Жоғары оқу орнының қаржы ресурстарына иелік етеді, оларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамалыққа сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, жарналарды уақтылы аударып отыруды жүзеге асырады. Білім ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді. Еңбек заңнамалығына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және шығару мәселесін шешеді, қызметкерлерді ынталандыру мен жазалау шараларын қолданады. Бекітілген тәртіпте ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын, оқытушы-профессор құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурстар өткізеді. Қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде жоғарылатып отыруды, ғылыми-педагогикалық кадрларды магистратура, докторантура, ғылыми іс-тәжірибе, тәжірибеден өту арқылы даярлауды қамтамасыз етеді. Ғылыми кеңес пен Қамқоршылар кеңесінің жұмысына басшылық етеді. Білім қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес студенттер контингентін қалыптастыруды ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, оқу-материалдық базаны есепке алу, сақтау мен толықтыруды қамтамасыз етуге, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнама талаптары мен басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарын қадағалауға, жоғары оқу орнының келісім-шарттық міндеттемелерін орындауға бақылау жасайды. Еңбекақы қорының үнемді әрі ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы заңнамалығы белгілеген шекте білім ұйымының мүліктері мен қаражаттарына иелік етеді. Білім саласындағы уәкілетті органға жоғары оқу орнының оқу, ғылыми қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайын есеп тапсырады. Жоғары оқу орнының мүддесін барлық органдарда білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамалары тыйым салмаған және жоғары оқу орнының Жарғысында қаралған басқа да қызметтерді жүзеге асырады. 
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын. 
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдары мен/немесе білімді басқару органдарында басшы қызметтегі еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауы.
Жоғары оқу орнының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры
Қызметтік міндеттері: Білім ұйымы мен жоғары оқу орны басшысы бөлген қызметтік міндеттерге сәйкес оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық бір немесе бірнеше қызмет бағытына басшылық жасайды. Тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметін ағымды және алдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Жетекшілік жасайтын бөлімшенің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін жүргізу үшін қажетті барлық құжаттамаларды дайындауға басшылық пен бақылау жасайды (курстық және курс аралық шараларды бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми жабдықтау, басшының бұйрықтарына, өкімдеріне мониторинг). Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, оның өту барысына бақылау жасауды әдістемелік қамтамасыз етеді. Білім ұйымының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады. Білім ұйымының құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеп, кадрлардың біліктілігін арттыру мен кадрларды даярлау жұмыстарын жүргізеді, білім ұйымының басшысы бекітуге арналған құжаттарды дайындайды. Жоғары оқу орны қызметкерлерін ынталандыру мен шара көру туралы ұсыныстар енгізеді. Еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі мен қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қадағалауға бақылау жүргізеді. Жоғары оқу орнының тиісті құрылымдық бөлімшесі қызметінің нәтижесі туралы жыл сайын есеп дайындайды. Жоғары оқу орны Жарғысында қаралған қызметті жүзеге асырады. Мемлекеттік аттестациялық комиссия мен қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. 
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңдарын, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын. 
Полная версия
ИС BestProfi