Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2013 жылғы № 1223 Қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2013 жылғы № 1223 Қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 5 шілдедегі
 № 913 қаулысымен
 бекітілген
Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттары
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2013 жылғы № 1223 Қаулысымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды (бұдан әрі – ілеспе газ) инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестіктің мақсаты мемлекетке тиесілі ілеспе газды ұтымды пайдалануды және оны кейін терең өңдеуді және өзара тиімді шарттарда қосылған құны жоғары өнімдер өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестор арасындағы өзара тиімді іс-қимылға қол жеткізу болып табылады.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
5. Мемлекетке тиесілі ілеспе газды ұтымды пайдалану мақсатында әріптестік шеңберінде инвесторларға беру:
1) ілеспе газды кейін тауарлық, сұйытылған мұнай және (немесе) сұйытылған табиғи газ етіп өңдеу;
2) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін бірінші кезектегі тәртіппен, оның ішінде Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып қанағаттандыру үшін тараптар айқындаған көлемдерде өндірілген тауарлық, сұйытылған мұнай және (немесе) сұйытылған табиғи газды жеткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде одан әрі пайдалану үшін тартылатын инвесторға беру туралы уәкілетті органның шешімі инвесторға мұнай-, газ-химия өнімін, сондай-ақ жоғары қосылған құнмен өндіру бойынша міндеттемелер бекітілген жағдайда ғана қабылданады және осы Қағидаларда белгіленген жалпы шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру тәртібі
7. Уәкілетті органның шешімімен Заңның 16-бабының 1-тармағында көрсетілген ілеспе газ тікелей жер қойнауын пайдаланушының өзі көрсеткен инвесторға 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жағылатын ілеспе газдың көлемдерінен аспайтын тараптар айқындаған көлемде газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында өңдеуші өндірісті салуды немесе тұрғызуды көздейтін шарттың негізінде тартылатын инвестордың меншігіне өтеусіз беріледі.
8. Жер қойнауын пайдаланушы өңдеу мүмкіндігі болмаған кезде ілеспе газ көлемдерінің ұлғаюына әкеп соғатын мұнай өндіруді ұлғайту ниеті болған кезде ілеспе газдың осы көлемдері әріптестік туралы шартта көзделген талаптарға сәйкес инвесторға беру үшін өтеусіз негізде мемлекетке немесе шикi газды беру үшiн көзделген Заңның 15-бабының ережелеріне сәйкес ұлттық операторға түседі.
3. Уәкілетті органның, инвестордың және жер қойнауын пайдаланушының өзара қарым-қатынас жасауының шарттары
9. Ілеспе және (немесе) табиғи газды терең өңдеуді ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде әріптестікте инвестордың жағында әрекет ете алады.
10. Әріптестік шеңберінде инвестор өткізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейтін конкурстың негізінде айқындалады.
11. Жекелеген елді мекендерді газдандыру және (немесе) газ өңдеу саласындағы жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту мақсатында конкурсты өткізбей, уәкілетті органның шешімі негізінде нақты инвестормен газ және газбен жабдықтау саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру жүргізіледі. Әріптестік туралы шартты уәкілетті орган инвестормен немесе инвестормен және жер қойнауын пайдаланушымен жасасады және онда осы Қағидалардың 4-бөлімінде белгіленген шарттар қамтылуға тиіс.
12. Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайларда уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушы ілеспе газдың көлемдерін мемлекетке өтеусіз негізде не жер қойнауын пайдаланушы ілеспе газды өндіруге арналған шығындарды ақылы негізде жүзеге асырғанда беру жөніндегі алдын ала шартты жасасады. Осы алдын ала шарт инвестормен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде пилоттық жоба бойынша келіссөздер жүргізу үшін негіз болып табылады.
Ілеспе газ мемлекетке ақылы берілген жағдайда осындай газдың бағасы уәкілетті орган стратегиялық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізетін сараптамамен расталуға және конкурс немесе пилоттық жоба шарттарында көрсетілуге тиіс.
13. Шартта мұнай және (немесе) табиғи газ өндірудің жобалық көрсеткіштері ескере отырып, өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде ілеспе және (немесе) табиғи газ беру көлемдерін көзделуге тиіс.
14. Инвестор айқындалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей алдын ала шарт газды іріктеу орнын және өзге де шарттарды көрсетіп, уәкілетті органның, ілеспе және (немесе) табиғи газ көлемдерін беретін жер қойнауын пайдаланушының, осындай газды іріктеуді жүзеге асыратын инвестордың арасындағы үшжақты шартқа ауыстыруға жатады.
15. Әріптестік жөніндегі үшжақты шарттың талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы әріптестік шеңберіндегі инвестордың өңдеуші өндірісті салу немесе тұрғызу мерзімінің ішінде, бірақ үш жылдан көп емес осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген ілеспе және (немесе) табиғи газ көлемдеріне қатысты мемлекеттің агенті болып әрекет етеді.
16. Уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекет агентіне мемлекетке тиесілі ілеспе газ көлемдерін жағуға рұқсат береді.
Әріптестік туралы үшжақты шарт жасалған кезде мемлекетке тиесілі жағылатын газ көлемдеріне бюджетке төленетін төлемдер режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
17. Инвестор әріптестік шеңберінде өңдеуші өндірісті салу немесе тұрғызу мерзімі ішінде жоспарға сәйкес мемлекетке кепілдік болатын және құны әріптестікті ұйымдастыру үшін мемлекетке берілген ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуды жүргізген жер қойнауын пайдаланушылардан түскен төлемдерден бюджеттің шығындарынан төмен болмайтын жабдықты объектіге жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Инвестор жылдар бойынша бөлінген жабдықтарды жеткізу жоспарларын уәкілетті органмен келіседі және олар әріптестік туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
18. Инвестор өткізу, уақытша сақтау, жеткізу және т.б. жөніндегі осыған ілеспе барлық міндеттемелерді өзіне қабылдаған кезде тауарлық қана емес, сұйытылған газды да, сондай-ақ өзге де мұнай-, газ-химия, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнімдер өндірісі әріптестік туралы шарттың талаптары бола алады.
19. Әріптестік туралы шарт инвестормен он жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Әріптестік туралы шарттың мерзімі өткеннен кейін инвестор үшін жобаның өтімділігіне қол жеткізуді ескере отырып, Қазақстан Республикасы үшін экономикалық пайданы ұлғайту бойынша шаралар қабылдаумен шарт қайта қаралуға тиіс.
20. Уәкілетті органның шешімі бойынша әріптестік туралы шарт жер қойнауын пайдаланушымен жасалған өндіруге арналған келісімшарт мерзіміне жасалуы мүмкін.
21. Әріптестік туралы шарттың қолданылу мерзімін белгілеу кезінде техникалық-экономикалық негіздеменің шарттары, оның ішінде инвестициялық жобаның өтелу мерзімі ескеріледі.
22. Әріптестік шеңберінде уәкілетті органмен жасалатын шарт (бұдан әрі – шарт) мынадай талаптарды:
4) тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттерін;
7) қауіпсіздік пен өндірілетін өнімнің белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін;
8) инвестордың шарт талаптарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілігін, оның ішінде инвестор жеткізетін жабдықтың мемлекет меншігіне ауысу шарттары мен мерзімдерін;
9) өндірілген өнімді ішкі нарыққа жеткізу көлемдері мен бағасы бойынша міндеттемелерді;
10) шарт бойынша құқықтар мен міндеттер беруді;
12) шартты ұзарту және оның қолданылуын тоқтату талаптарын;
23. Шарт ілеспе газды тауарлық және (немесе) сұйытылған газ етіп өңдеу бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ бірінші кезектегі тәртіппен:
шарт қолданылатын бүкіл мерзімге коммуналдық мұқтаждарға арналған реттелетін бағалар бойынша Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін;
Қазақстан Республикасының жоғары технологиялар саласындағы ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірілген тауарлық (оның бір бөлігін) және (немесе) сұйытылған газды жеткізуді қамтуға тиіс.
24. Шарт осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес тауарлық және (немесе) сұйытылған газды, сондай-ақ өзге де өнімді пайдаланудың басқа шарттары мен бағыттарын қамтуы мүмкін.
25. Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша шарттың мәтіні өзге тілге де аударылуы мүмкін.
26. Инвесторлардың шарттардың талаптарын орындауын бақылауды және мониторингін уәкілетті орган жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi