Близость слов: Окончание:





Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1271 Қаулысы
Редакция 18.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Орман кодексiне" сәйкес ормандардағы өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудiң нәтижелiлiгiн арттыру, олардың алдын алу жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi: 
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне 1999 жылы Қазақстан Республикасының ормандар картасын жаңартуды тапсырсын; 
2) өртке қарсы қызмет органдарымен бiрлесiп, ормандарда Өрт қауiпсiздiгінiң ережелерi сақталуы үшiн сақтандыру шаралары мен бақылауды күшейтуге, ормандарды жерде, авиациялық қорғау мен сақтаудың дайындығын қамтамасыз етуге, орман алқаптарының өртке тұрақтылығын арттыруға ерекше көңiл бөле отырып, орман шаруашылықтарын өрттiң қауiптi маусымдарына дайындау жөнiндегi қажеттi кешендi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын; 
3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бiрлесiп, орман өрттерiн сөндiруге қатысатын ұшақтарды, тiк ұшақтарды, өрт, апаттан құтқару техникасы мен жабдықтарын пайдалану жөнiндегi келген шығынды қаржыландырудың және шығындарды өтеудiң шарттарын айқындай отырып, ормандағы өрттердi  оларды жою мақсатында ормандарды авиациялық қорғау және сақтау қызметі авиациясының ұшақтарымен және тiк ұшақтарымен тұрақты қызмет жүргізілуін ұйымдастырсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662, 18.11.2008 № 1068 Қаулыларымен. (27.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi: 
1) темiр және тас жолдардың бойындағы бөлiнген алқаптар аймағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын; 
2) "Қазақстан Темiр жолы" ГМК жылжымалы құрамның паркiн өрт қауiпсiздiгi жағдайына келтiрудi қамтамасыз етсiн, ол үшiн барлық локомотивтердi ұшқын ұстайтын торлы тұншықтырғыштармен қамтамасыз ете отырып, өртке қарсы қорғанудың толық жиынтығы жоқ локомотивтердi пайдалануға жол бермесiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ормандағы өрттер бойынша кiдiртуге болмайтын шұғыл-iздеу шараларын және тергеу әрекеттерiн жүргiзудiң сапасын, орман өрттерiне байланысты қылмыстардың ашылуын жоғарылатуды бақылауды күшейтсiн.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) жыл сайын ормандарға немесе тiкелей iшiне орналасқан орман шаруашылығы бiрлестiктерiнiң объектiлерiне, елдi мекендерге, демалыс аумақтарына, санаторийлерге, пансионаттарға және адам көп болатын басқа да объектілерге өрт-техникалық зерттеулер жүргiзсiн, меншiктiң барлық нысанындағы және түрiндегi ауыл шаруашылық объектiлерiне паспорттандыру жүргiзсiн және қолда бар өрт сөндiру жарақтарын МЕМСТ талаптарына сәйкестендiрсiн; 
2) жыл сайын көктем-жаз кезеңiнде iрi орман өрттерiн сөндiруге тартылатын күштер мен құралдардың өзара әрекет жөніндегі жоспарларын пысықтап және үйлестіре отырып, Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетiнiң өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiмен өрт-тактикалық жаттығуларын жоспарласын және жүргізсін; 
3) "Қазақстан Темiр жолы" РМК өрт сөндiру бөлiмдерiмен өрт сөндiруге дайындықты пысықтау мақсатында тиiстi жаттығулар жүргiзсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662 Қаулысымен. (27.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша мыналар ұсынылсын: 
1) орман өрттерi болуы мүмкiн аудандарда өрт-химиялық станцияларын, бақылау постарын құруға және жабдықтауға қаражат іздестiрсiн; 
2) өрттiң қауiптi маусымында төтенше орман өрті жағдайындағы аудандарға инженерлік техниканы, жанар-жағар материалдарын жедел жеткізу үшін резерв құруды қамтамасыз етсін; 
3) меншiк нысанына қарамастан төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдарды орман өрттерiн сөндiру үшiн тартудың, бұған тартылған адамдарды қатынас құралдарымен, азық-түлiкпен және дәрiгерлiк жәрдеммен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлесiн; 
4) резерв құрамында орман өрттерiн жоюға байланысты iс-шараларды қаржыландыру үшiн қажеттi қаражат қарастырсын; 
5) экология және табиғат ресурстарының, iшкi iстердiң, мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарымен бiрлесiп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандағы өрттердi  олардың қауiптiлiгiн және өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк шараларын түсіндiретiн үгiт жұмысын ұйымдастырсын; 
6) 1999-2001 жылдар ормандағы өрттердiң санын және одан келетiн зиянның көлемiн тұрақты азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған орманды өрттен қорғау жөнiндегi кешендi аймақтық бағдарламалар мен өзара iс-қимыл жоспарын бiр ай мерзiмде дайындасын және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң келiсiмi бойынша бекiтсiн; 
7) халықтың ұйымдасқан демалысы үшiн бөлiнген орман қорларының учаскелерiн көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келіссін, бұл учаскелерді өрттің қауіпті кезеңінде мықтап күзетуді ұйымдастырсын. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орман өрттерін сөндіруге қатысқан тік ұшақтарын қондыру және орналастыру үшін Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында орналасқан әскери аэродромдарды пайдалануына рұқсат берсін.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662 Қаулысымен. (27.08.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi