Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2014
Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 Қаулысы.
Осы Қаулы күшін жойды 11.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 24.02.2014 жылғы № 137 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
«Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайы, басшылықтың және құрылымдық бөлімшелердің жауапты адамдарының байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабының 9) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат электрондық Үкіметтің www.e.gov.kz порталында, Агенттіктің www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауына келiсім-хат беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
Келісім хат қағаз тасымалдағышта ресімделеді.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Полная версия
ИС BestProfi