"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1603 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.07.2015 жылғы № 4-3/611 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 желтоқсандағы № 1603 қаулысымен бекітілген
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) линт – мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
2) мақта – шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
3) мақта қабылдау пунктi – шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы құрылыс;
4) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
5) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
6) мақта тазалау зауыты – шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы құрылыс;
7) мақта талшығы – шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм;
8) мақта талшығы бумасы – стандарттау жөнiндегi техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгiлi бiр көлемi;
Полная версия