Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
Редакция 03.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне жалпы басшылық жасау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктелсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2003 № 1387, 18.11.2008 № 1068 Қаулыларымен. (28.08.1997 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезiндегi iс-әрекеттер жөнiндегi республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 маусымдағы N 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ЕРЕЖЕ
Мәтiндегi "ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттiк комитетi", "ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттің", "ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң", "ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттiк комитеттің" сөздер тиiсiнше "төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы органның" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 31.12.2003 № 1387 Қаулысымен. Бүкіл мәтін бойынша "ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен", "ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" сөздер тиісінше "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның", "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен" сөздермен ауыстырылды ҚР 18.11.2008 № 1068 Қаулысымен. (28.08.1997 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн белгiлейдi.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi (ТЖМЖ) бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алуға, ал олар пайда болған жағдайда - зардаптарын жоюға (адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнетiн тiкелей қауiп-қатердi жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалпына келтiру айтылып отыр. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен объектiлер мен аумақтарды қалпына келтiру ТЖМЖ-ның құзыретiне кiрмейдi) халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және халық шаруашылығына келтiретiн зиянын азайтуға арналған.
- Әлеуметтiк-саяси, ұлтаралық қақтығыстар мен жаппай тәртiпсiздiктердiң алдын-алу және олардың зардаптарын жою жүйенiң құзыретiне кiрмейдi.
бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;
төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау;
мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;
авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру;
Полная версия