"Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 25.04.2016
Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 25.04.2016 жылғы № 240 Жарлығына сәйкес
Редакция 30.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен "Бекітілді"
Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысы
Жарғы мәтініндегі "-бап" деген сөз алып тасталды ҚР Президентінің 26.06.2008 жылғы N 623 Жарлығымен (15.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-Бөлім
Қазақстан Республикасы Консулдық мекемелерінің міндеттері және ұйымдастырылуы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi шетелдерде Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары мен азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн халықаралық құқық рұқсат беретiн шекте қорғайды.
Консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарының дамуына, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, мәдени байланыстар мен туризмнiң кеңеюiне жәрдемдеседi.
2. Консулдық мекемелер болып табылатындар: Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң консулдық бөлiмдерi, бас консулдықтар, консулдықтар, вице-консулдықтық және консулдық агенттiктер.
3. Консулдық мекемелер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, халықаралық шарттарды, халықаралық әдет-ғұрыптарды, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
3-1. Консулдық мекемелер:
Жарғысы 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 15.12.2004 жылғы № 1503 Жарлығымен
1) бас консулдықтар - Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының;
2) консулдықтар, вице-консулдықтар және консулдық агенттіктер - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының;
3) консулдық бөлімдер - Сыртқы істер министрі бұйрықтарының негізінде құрылады, қайта құрылады және өз қызметтерін тоқтатады.
Полная версия