Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 523 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 523 қаулысымен бекітілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті (бұдан әрі – ӨЭМ) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар әрекетінің аумақтық шекаралары Каспий теңізінің қазақстандық секторының (су бетінің айнасы) барлық акваториясына қолданылады. Қағидалардың қолданылу аймағына Каспий теңізінің қазақстандық секторына құятын өзендердің сағалық учаскелері, мүйістер, шығанақтар мен теңіз портының акваториясы қамтылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бентос – тіршілігінің барлық немесе көп бөлігін мұхит және континенттік су айдындарының түбінде, оның топырағында және топырақта қозғалып және отырып та (жабысып) өмір сүретін ағзалардың жиынтығы;
2) зоопланктон – планктонның жануар түріндегі нысаны;
3) су түбінің тұнбалары – тұрақты, қозғалатын су объектісінің түбінде жүзінділерден бөліну нәтижесінде тұндырылған қатты материал;
4) теңіз ортасының компоненттері – атмосфералық ауа, теңіз суы, су түбінің шөгінділері, теңіз флорасы мен фаунасы;
5) теңіз ортасы – қоршаған ортаның физикалық, геологиялық, химиялық және биологиялық факторларының теңіз акваториясының үстінде су қабатымен және әуе кеңістігімен шектелген байланысы;
6) фитопланктон – теңіз және тұщы су айдындарының су қабатында орналасатын және ағынмен пассивті орын ауыстыратын өсімдік ағзаларының жиынтығы;
7) ӨЭМ станциясы – қоршаған ортаның метеорологиялық, гидрологиялық, химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамасын анықтау үшін сынамаларды байқау/өлшеу/іріктеу жүргізілетін тіркелген географиялық координаттары бар стационарлық пункт;
8) әсер ету мониторингі – табиғат пайдаланушының өндірістік қызметі нәтижесінде теңіз ортасы компоненттерінің жай-күйінің өзгеруін зерттеу;
Полная версия