Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2014
Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 және 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшаcына және  29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 тамыздағы
№ 1099 қаулысымен
бекітілген
«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары (бұдан әрі – басқарма) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабы 12) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінң www.mint.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қағаз тасығыштағы туристтік ақпарат болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Полная версия
ИС BestProfi