1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымдық қызметтердің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған салалық стратегиялардың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Инфрақұрылымдық қызметтердің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған салалық стратегиялардың тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1362 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Мүдделі мемлекеттік органдарға бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде Тұжырымдама ережесін пайдалану ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»29»желтоқсандағы N№1362 қаулысымен бекітілген
Инфрақұрылымдық қызметтердің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған салалық стратегиялардың тұжырымдамасы туралы
"Біз стратегиялық инфрақұрылымның даму келешегін айқын пайымдай білуіміз және, ең алдымен, инфрақұрылымдық қызметті тұтынушы біздің отандық компаниялардың бәсекелестігін, сондай-ақ өзіміздің халықаралық экономикалық ықпалдастығымыздың мүдделерін ескере отырып, осы саладағы басқарудың сапасын едәуір арттыруға тиіспіз"
Н.Ә. Назарбаев
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы орнықты экономикалық өсу ел экономикасы салаларының жедел дамуына ықпал етіп отыр.
Сонымен қатар, экономика өсуінің белгіленген жоғарғы қарқыны одан әрі инфрақұрылымның жағдайымен және дамуымен шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес (2005 ж.) 1 Қазақстандағы инвестициялардың орташа қарқыны соңғы бес жылда жалпы ішкі өнімнің 2,9 %-ын құрады, бұл осы салада айтарлықтай қажеттілігі бар ел үшін төмен көрсеткіш болып табылады. Қазақстан ЕО-8-ден, Украина мен Ресейден жолдарды, әуе инфрақұрылымын пайдалануды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымы бойынша, сондай-ақ телекоммуникациялардың құны бойынша артта қалып отыр.
Негізгі инфрақұрылымға инвестиция жасалмай бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкін емес. Осыған байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайтуды және темір жол жүйесін реформалау, жолдарды, кедендік әкімшілендіруді, телекоммуникация мен электр энергиясы нарықтарын басқару есебінен тауарлар мен қызметтердің жылжыту құнын азайтуды қамтамасыз ету қажет.
Бүгінгі күні мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес құралдарын пайдалана отырып, инфрақұрылым дамытуды ынталандырудың бірыңғай жүйесін әзірлеу қажет.
Бұл инфрақұрылымдық қызметтердің сапасын арттыруға және құнын төмендетуге бағытталған салалық стратегиялардың тұжырымдамасының мақсаты (бұдан - әрі Тұжырымдама) - қоғамның барлық жігінің жоғары сапалы және қол жетімді қызметтерге қажеттілігін әлемдік тәжірибеге сәйкес инфрақұрылымдық қызметтерді сапалы басқаруды арттыру және инфрақұрылымның элементтерін басқарудың, жоспарлаудың тиімді жүйесін құру жолымен қанағаттандыру.
____________
1 Қазақстан Республикасы: Экономикалық меморандум. N 30852-кz, Дүниежүзілік банк, 2005 ж.
Полная версия