Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.02.2016
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
«Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 29.07.2015 жылғы № 633 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1225 қаулысымен
 бекiтiлген
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімі
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
2. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi және олардың бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде оның бiлiмiн тексеру жүргiзiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқама беруден және олардың бiлiмдерiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi, басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тiзбесiн, сондай-ақ оқытудың тәртiбi мен нысанын жұмыс берушi кәсіптің сипатына, жұмыс түрiне, өндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, қызметкерлердiң өкiлдерiмен (олар болған кезде) келiсе отырып белгiлейдi.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.06.2012 № 731 (28.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Ұйымдарда қызметкерлердi кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi
5. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту және бiлiмдерiн тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Қызметкерлердi жұмысшы кәсіптер бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Бiлiмді тексеру нәтижесi осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресiмделедi.
6. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiс, семинарлар) жұмыс берушi тиiстi саладағы жоғары бiлiктi мамандарды, тәжiрибелi инженер-техникалық қызметкерлердi және ұйымның өзiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн тарта отырып жүргiзедi.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.06.2012 № 731 (28.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
7. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуі және оны жұмыс берушi бекiтуге тиiс.
8. Еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргiзiледi.
9. Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндiрiстерде қызметкерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
Полная версия
ИС BestProfi