Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.03.2014
Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң регламентiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 848 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8242 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 12.06.2014 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.03.2014 жылғы № 144 Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, «Электрондық мемлекеттiк қызметтiң үлгi регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 Қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi Е.Ә. Байжүнiсовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi                       С. Қайырбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
А. Жұмағалиев__________
19 желтоқсан 2012 ж.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрiнiң
 2012 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 848 бұйрығымен
 бекітілген
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет берушілер) баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталықтар), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған (медиа-бөліктері бар электрондық мемлекеттік қызмет).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: транзакциялы.
5. Осы регламентте пайдаланылатын түсініктер мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе (АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беруге және ұсыну үшін бағытталған жүйе;
Полная версия
ИС BestProfi