Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 428 Қаулысымен (22.09.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» ҚР Инвестиция және даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 516 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 Қаулысы
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 428 Қаулысымен (22.09.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 31, 269-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану
қағидалары мен шарттары
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 428 Қаулысымен (22.09.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
Қағидалар мен шарттар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.08.2013 жылғы № 824 Қаулысымен (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды Ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды,
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;
9) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерінде белгіленген жылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
11) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол-көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
12) жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеспе жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізеді;
14) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын (қоршаулар, жол белгілері, жолды белгілеу, бағыттайтын құрылғылар, жарықтандыру желілері, бағдаршамдар, қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелері) орнату мен жөндеуді қамтамасыз етеді;
15) қажетті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қосу арқылы автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі үшін өлшеу құрылғыларын, жабдықтарды орнатуды және бағдарламалық қамтуды қамтамасыз етеді;
6. Автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды визуалды тексеру күн сайын жүзеге асырылады.
7. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) және көпір өткелдерінің пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.