Близость слов: Окончание:





Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 Қаулысы
Редакция 18.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 137 Қаулысына сәйкес (03.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.08.2008 жылғы № 746 Қаулысымен (04.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.08.2008 жылғы № 746 Қаулысымен (04.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
4. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 7 шiлдедегi
N 645 қаулысымен бекiтiлген
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2011 жылғы № 589 Қаулысымен (28.11.2010 ж. редакцияны қараңыз (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2013 жылғы № 425 Қаулысымен (27.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.08.2015 жылғы № 659 Қаулысымен (30.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1168 Қаулысымен (22.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.04.2017 жылғы № 160 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.03.2019 жылғы № 137 Қаулысына сәйкес (03.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2020 жылғы № 326 Қаулысымен (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2021 жылғы № 747 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2023 жылғы № 1083 Қаулысына сәйкес (18.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
3) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
4) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2) бюджеттік өтінім жасайды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алады;
3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒББО» КЕАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4) Азық-түлік корпорациясын және «ҰАҒББО» КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.05.2020 жылғы № 326 Қаулысына сәйкес (26.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
3. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒББО» КеАҚ-ның қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
3) білімдерді тарату және беру, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу, консультациялық қызметтер көрсету жолымен тарату және беру.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (27.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2023 жылғы № 1083 Қаулысына сәйкес (18.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒБО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан экономикасының аграрлық салада жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҰАҒББО» КеАҚ-ны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мамандандырылған ұйымдар бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi