Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржы қаражатына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және тиiмдi пайдаланылуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн "Аграрлық несие корпорациясын құру туралы" N 40 бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
мемлекеттiк тiркеуден кейiн "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына және "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және республикалық меншiктегi ұйымдардағы мемлекеттiк үлестерге иелiк ету және пайдалану бойынша құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына тиiсті толықтыру әзiрлесiн және бекiтуге енгізсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.
7-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.03.2004. № 276 қаулысымен. (25.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Жобаның мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие беру жүйесiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiнiң қаржылық қаражатын тарту және осы мақсатқа бөлiнетiн мемлекеттік несие ресурстарын тиiмдi пайдалану арқылы ұйымдастыру.
1. Пилоттық жоба (бұдан әрi - Жоба) екi кезеңде iске асырылады, оның әрбiреуi республикалық және аймақтық деңгейге сай қаржы институттарын құруға бағытталған іс-шаралардың кешенiн орындауды көздейдi.
3. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi Корпорацияға 9 000 000 (тоғыз миллион) дейiнгi АҚШ доллары сомасында несиелiк ресурстарды бередi. Несиелiк ресурстар Корпорацияға сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бес жыл мерзiмге берiледi.
5-1. Корпорация республикалық бюджет қаражатын Жобаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде пайдаланады.
5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.03.2004. № 276 қаулысымен.
6. Корпорация несие операцияларын жүргізудегі өз қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде жүзеге асырады және тек ауылдық несие серiктестiктерiне несие бередi.
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі, облыстардың әкiмдерi және Корпорация ауылдық несие серiктестiктерiн құру жөнiндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізедi.
9. Ауылдық несие серiктестiктерiн құру ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тиiмдi және/немесе қайта өңдеудi жүргiзетiн өңiрлерде пайдалы, экономикалық тұрғыдан өзiн ақтайтын аграрлық өнеркәсiп кешенi секторларында жүргiзiледі.
9-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.03.2004. № 276 қаулысымен. (25.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Ауылдық несие серiктестiгі (бұдан әрi - Серiктестік) өз қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырады.
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Корпорацияның уәкiлетті органы ретiнде Корпорацияның iшкi құжаттарын әзiрлеу кезiнде мынадай талаптарды:
- Серiктестiктiң ықтимал қатысушылары Серiктестiктiң жарғылық капиталына жарнаны тек қана ақшалай енгiзудi, бұл ретте заңды тұлғалар үшiн - өз қаражаты шегінде; жеке тұлғалар үшiн - алынған таза табыс есебiнен енгізудi;
- Серiктестiк құрылған кезде Серiктестiктiң ықтимал қатысушыларында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және/немесе қайта өңдеу саласындағы қызметiнiң үш жылдан кем емес мерзiмi болуын;
12. Корпорация құрылатын Серiктестiктердiң жарғылық капиталына өзiнiң жарғылық капиталының қаражаты есебiнен қатысады. Бұл ретте Серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы Корпорацияның үлесi бастапқы кезеңде үлесiн немесе оның бөлiгін Серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе оған жаңадан қабылданғандарға сату арқылы, Серiктестiктердiң қолданылып жүрген жарғылық капиталындағы Корпорацияның үлесiн бiрте-бiрте азайту шартымен кемiнде 35 пайызды құрауға тиiс.