1. Осы Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2014 жылғы № 1332 Қаулысымен (23.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014, № 237 (28460) жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 181 Қаулысына сәйкес (19.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
2. Жоғары білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, зерттеу университеттерінде, университеттерде, академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) алынады.
3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары білімі бар кадрларды даярлау.
4. Жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру және ғылыми қызметті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидалар мен олардың негізінде әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) өз қызметін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін нормативтік құқықтық актілердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
2.1. ЖОО-ны басқару
5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының жарғысына сәйкес алқалы басқару қағидаттарында жүзеге асырылады.
ӘАОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, ӘАОО қызметінің қағидаларына және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Корпоративтік басқару қағидаттары ӘАОО-ны қоспағанда, ЖОО-да байқау және (немесе) директорлар кеңесін құру арқылы іске асырылады.
Алқалы басқару қағидаттары ЖОО-да қамқоршылық, ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестер құру арқылы іске асырылады. Корпоративтік және алқалы басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының ішкі ережелерімен регламенттеледі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған ЖОО-да заңнамада айқындалатын тәртіппен байқау кеңестері құрылады.
7. ЖОО қызметін тиімді басқарудың негізгі құралы стратегиялық жоспарлау болып табылады.
8. ЖОО-лар ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай заңнамаға сәйкес өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді.
9. ЖОО қызметін тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын ЖОО ректоры (басшысы) жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған ЖОО-да байқау кеңестері:
Полная версия