Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 181 Қаулысына сәйкес (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларға арналған қосымша білім алу құқықтарын тегін және шарттық негізде қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін білім алушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламалары іске асырылады.
4. Мемлекет балалар үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар үшін олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.
5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
3) адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
5) бос уақытты мазмұнды етіп ұйымдастыру.
6. Балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары орта білім беру ұйымдарында іске асырылады.
2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтерде дербес болады.
9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін педагогтер, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі – педагог қызметкерлер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
11. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшы кадрларының және педагог қызметкерлерінің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандарының біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын басқару «Білім туралы» Заңның 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Қағидаларға, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдістемелік кеңес және басқа да нысандар болып табылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлерін аттестаттау «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
15. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік білім беруді басқару органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Жаңадан құрылған балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.
16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын құру және дамыту құрылтайшының қаражаты, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
17. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді ұсынады, осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді.
18. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мүлікке иелік етеді және оны пайдаланады. Балаларға арналған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымының мүлкі ұйымның негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылмауға тиіс.
19. Қосымша білімнің білім беру бағдарламасын іске асыру кезіндегі оқу-тәрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр және басқа) (бұдан әрі – бірлестіктер) жүзеге асырылады.
20. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы және түрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді.
21. Әр бала бірнеше бірлестіктерде шұғылдануды таңдауға, оларды ауыстыруға құқылы.
22. Қызығушылықтар бойынша бірлестік қызметінің мазмұнын оқу жоспарлары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогі айқындайды.
23. Сабақтар бір тақырыптық бағыттағы қосымша білімнің білім беру бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі, барлық оқу жылына да, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады.
24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шарт бойынша және (немесе) ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік беріледі.
25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
26. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік жұмыс, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және ендіру, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
27. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.
28. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес қызмет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.
29. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты барлық күнтізбелік жыл бойына ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай белгіленген тәртіппен клубтар, лагерьлер және туристік базалар ашылады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты орны бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрылады, шеберлік сағаттары өткізіледі.
30. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп, сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беру пәндері мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен біріктірілген сабақтар өткізеді.
31. Көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде бірлестіктер жұмысына балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қатыса алады.
32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
33. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
34. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымына жұмысқа:
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
35. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған.
35. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатады, халықаралық бағдарламаларға қатысады, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасасады.
Полная версия
ИС BestProfi