Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 446 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 446 қаулысымен
бекітілген
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары
1. Осы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда Заңмен көзделген ұғымдар және мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тендерді ұйымдастырушы – электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;
2) тендерге қатысушы – осы Қағидаларға сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге өзінің қатысатындығы туралы мәлімдеген әлеуетті инвесторлар;
3) тендерлік құжаттама – жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгі шарт негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жобасы қамтылған жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы;
4) қатысуға өтінім – тендерді ұйымдастырушыға тендерге қатысушы ұсынған және тендерді ұйымдастырушының және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;
5) тендерлік өтінім – тендерді ұйымдастырушыға тендерге қатысушы техникалық-экономикалық есепті қоса ұсынған өтінім;
6) техникалық-экономикалық есеп – жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамасы негізінде тендерге қатысушы құрастырған құрылыс құнының есебі;
7) тендерлік комиссия – тендер қорытындысын шығару үшін тендерді ұйымдастырушы құратын комиссия.
2. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
3. Болжанып отырған электр қуатының тапшылығын жабу үшін тендерді ұйымдастырушы оны өткізу мерзімдерін көрсете отырып, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізеді.
4. Тендерді өткізу үшін тендерді ұйымдастырушы құрамы мен ережесін өз бұйрығымен бекітіп тендерлік комиссияны құрады.
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын қамтитын тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
6. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттамасы бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ тендерге қатысушының тендерге қатысуға арналған құжаттар мен материалдарды ұсыну күні аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тендерді өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялайды.
7. Тендерге қатысу үшін тендерге қатысушылар мыналарды:
1) тендерге қатысушының қолы қойылған өтінімді;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
3) өтінім берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
5) өтінім берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған, соңғы есеп беру күніндегі қаржылық есептіліктің көшірмесін;
6) өтінім берушінің банктік есеп шотындағы ақша қозғалысы туралы банк қызмет көрсетушісінің үзінді көшірмесін (картотеканың жоқ екендігі туралы) және тендерге қатысуға өтінім берген күніне бір жылдан аспайтын кредиттік тарихы бар толық немесе ішінара мәліметтерді қамтитын кредит бюросынан алынған кредиттік есепті;
7) қатысуға өтінім берілген күнге үш айдан аспайтын мерзіммен бюджетке салық және басқа да міндеттемелер бойынша берешектердің болуы немесе болмауы туралы тіркеуді есепке алу орны бойынша салық қызметі органының анықтамасын қамтитын қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
Егер заңды тұлға құжаттарды тапсырған сәтке Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелуінің жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 4) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.
8. Тендерге қатысуға арналған өтінімді тендерге қатысушы тендерді ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түрде береді және соңғы бетін өз қолымен және мөрімен растайды.
9. Тендерге қатысушы грамматикалық немесе арифметикалық қателерін түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, өтінімде жолдар арасында ешқандай ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
10. Тендерге қатысуға ниет білдірген қатысушы беткі жағында толық атауы және тендерге қатысушының пошталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында), тендердің атауы көрсетілген жапсырылған конвертте оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған уақытқа дейін ұсынады.
11. Қатысуға өтінімдерді комиссия хатшысы тіркейді.
12. Өтінімдер ұсыну мерзімі тендер өткізу туралы хабарланған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
13. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша мынадай талаптарға сәйкес айқындалған тендерге қатысушылар жіберіледі:
1) тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасу үшін қатысушының құқықтық қабілетінің болуы;
2) электр қуаты құнының жалпы көлемінен кемінде 30 % өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебінен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы мен материалдық ресурстардың болуы;
3) қатысуға өтінімдерді тапсыру күніне үш айдан аспайтын мерзімдегі салық берешегінің болмауы;
4) оның соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жасасқан шарттар немесе ұқсас мердігерлік шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сот арқылы жауапкершілікке тартылмауы.
14. Тендерлік комиссия, егер тендерге қатысушы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жалған мәліметтер ұсынса, тендерлік комиссияға ұсынылған тендерге қатысуға өтінімді қабылдамау құқығына ие.
15. Оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін ұсынылған, қатысуға өтінімі бар конверт тіркелуге жатпайды және тендерге қатысушыға қайтарылады.
16. Тендерді ұйымдастырушының қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі тендерге қатысушылардың қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталу күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.
17. Қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері аяқталғаннан кейін тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысушыға тендерге жіберілгендігі туралы хабарламаны және бекітілген тендерлік құжаттаманы жібереді.
18. Тендерге қатысушы бекітілген тендерлік құжаттаманы алғаннан кейін техникалық-экономикалық есепті құрастырады және оны жапсырылған конвертте тендерді ұйымдастырушыға ұсынады.
19. Техникалық-экономикалық есепті құрастыру мерзімі тендерге қатысушылар тендерге жіберілгендігі туралы хабарламаны және бекітілген тендерлік құжаттаманы алған күнінен бастап алты айдан аспайды.
20. Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашуды тендерлік комиссия тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада көрсеткен күні, уақытта және орында, тендерлік комиссия мүшелерінің көпшілігі, сондай-ақ тендерге қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
21. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тендер қорытындыларын шығарады.
22. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасын конверттерді ашқан күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ресімдейді.
23. Тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына қол қойылады және отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссияның барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
24. Тендерге қатысушылар тендерлік өтінімдерді қараған кезінде қатыспайды.
25. Тендерлік өтінімдерді қарау барысы туралы ақпарат және материалдар құпиялық сипатқа ие және қарау рәсіміне ресми қатысы жоқ тұлғаларға берілмейді.
1) тендерге қатысушылар екеуден кем болған;
2) барлық қатысушылар ұсынған құжаттар Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
27. Егер тендер өткізілмеген деп танылған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерді қайта өткізеді.
28. Тендерді қайта өткізу бастапқы тендер өткізілген тәртіппен жүргізіледі.
29. Тендерге қатысушылар арасынан тендердің жеңімпазын таңдау, тендерлік комиссияның жалпы санынан кемінде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, тендерлік комиссиясының отырысында жүргізіледі. Тендерлік комиссияның белгілі бір мүшесі болмаған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі тендерлік комиссияның хаттамасында (бұдан әрі – тендерлік комиссияның хаттамасы) осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып (ол болған жағдайда), оның болмау себебі көрсетіледі.
Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған қатысқан тендерлік комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссиясы төрағасының немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендерлік комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде жазылған және тендерлік комиссияның хаттамасына қоса берілген өзінің ерекше пікірін білдіреді.
30. Тендерлік комиссияның шешімі бойынша тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға жауап беретін және тендерлік құжаттамада көзделген тендер шарттарын орындау бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады.
31. Тендер жеңімпазы болып танылған тендер қатысушысына тендерді ұйымдастырушы тендер қорытындысын шығарған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жобасын жібереді.
32. Тендер жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
33. Тендер қорытындысы шыққан күнінен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде тендерді ұйымдастырушы тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғылардың пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазы қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
34. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор тендер жеңімпазымен тендерді ұйымдастырушы белгілеген баға, көлем бойынша және мерзімде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты жасасады.
35. Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында көзделген шарттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік шарттар негізінде жасалады.
36. Тендердің мәлімделген құжаттарын қарау және шешім қабылдау кезінде толық құпиялылық қамтамасыз етіледі.
Полная версия
ИС BestProfi