Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 533 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 533 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінім осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;
2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға беру туралы шарттардың және қабылдап алу-тапсыру актісінің көшірмелері;
3) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды.
Құжаттардың жоғарыда көрсетілген барлық көшірмелеріне өтініш берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылады, ал құжаттар электрондық түрде тапсырылған жағдайда көшірмелеріне өтініш берушінің қолы қойылмайды және мөрімен куәландырылмайды.».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 533 қаулысына
қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi