Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2015
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8368 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Энергетика министрінің 22.05.2015 жылғы № 369 Бұйрығына сәйкес
2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26-қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметінің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1) 1-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру»;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру»;
4) 4-қосымшаға сәйкес «I санаттағы объектілері үшін экологиялық рұқсат беру»;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу»;
6) 6-қосымшаға сәйкес «I санаттағы объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» элеткрондық мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.
2. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 275-Ө бұйрығының (Қазақсатн Республикасы Әділет министрлігінде № 7933 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен соң оны ресми жариялауды;
3) осы бірлескен бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Б.Т Әбдішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi