Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2020
"Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 550 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 550 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
ережесі
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары;
3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
5) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi – Орталық) – өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) – өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат.
Полная версия