Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) әртараптандыру – зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) баспасөз басылымы – тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
2-1) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) ең төмен зейнетақы – республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
6) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайтын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын, жеке тұлға өз бетінше айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) жеке зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
10-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия