Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2016
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалану үшін геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 маусымда № 8504 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.06.2016 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегінұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б. Нұрабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік жер бөлігін беру тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 16 ақпандағы № 74-Пбұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1087 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасының 
Индустрия және жаңа 
технологиялар министрі Ә. Исекешев
"КЕЛІСІЛДІ" 
Қазақстан Республикасының 
Мұнай және газ министрі
 ____________ С. Мыңбаев 
2013 жылғы 08 мамыр
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия жәнежаңа технологиялар
министрінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126
бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық
1. Осы «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291- IV Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының7-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібін нақтылайды.
2. Барлауға және өндіруге геологиялық және тау-кендік бөлулерді конкурс жеңімпазына немесе конкурсты өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығы берілген тұлғаға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
3. Геологиялық бөлуді ұсыну жер қойнауын пайдаланушыдан еркін нысанда жасалған өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша немесе конкурсты өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу хаттамасы бойынша конкурс комиссиясы шешімінің көшірмелері;
3) бөлудің жалпы ауданын көрсете отырып, бұрыштық нүктелерд i ң географиялық координаттары;
Полная версия
ИС BestProfi