"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
2. "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы " 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу тәртiбiн анықтайды.
Қағидалар мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртiптерiне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызметтерiне бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшiн қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануы;
Полная версия