Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 23.06.2015 жылғы № 378 Бұйрығын қараңыз
Редакция 14.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен
бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.11.2012 жылғы № 1450 Қаулысымен (15.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.12.2012 жылғы № 1618 Қаулысымен (15.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.06.2013 жылғы № 641 бұйрығымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1363 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2014 жылғы № 353 Қаулысымен (20.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі - тіркелу) - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрі - қатысушы) - тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
Полная версия
ИС BestProfi