Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11734 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 01.01.2016 жылдан бастап ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 14-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 23 маусымдағы № 378
бұйрығымен бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – оператор) – Заңының 14-бабының 17-тармақшасына сәйкес уәкілетті органымен шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі – тіркелу) – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы – (бұдан әрі – қатысушы) – тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;
Полная версия
ИС BestProfi