Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді
Редакция 20.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.08.2022 жылғы № 904 Бұйрығына сәйкес (09.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 жылғы № 93 Бұйрығымен (11.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 жылғы № 521 Бұйрығымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 жылғы № 683 Бұйрығымен (03.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 10.03.2017 жылғы № 157 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 жылғы № 384 Бұйрығымен (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.08.2017 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 жылғы № 739 Бұйрығымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 562 Бұйрығымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 жылғы № 1130 Бұйрығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.02.2019 жылғы № 142 Бұйрығымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 жылғы № 545 Бұйрығымен (27.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 жылғы № 899 Бұйрығымен (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 18.09.2019 жылғы № 1018 Бұйрығымен (20.08.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.11.2019 жылғы № 1296 Бұйрығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2019жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 жылғы № 1438 Бұйрығымен (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы № 92 Бұйрығымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 жылғы № 205 Бұйрығымен (31.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 жылғы № 936 Бұйрығымен(28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.10.2020 № 1050 Бұйрығымен (29.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 жылғы № 139 Бұйрығымен (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 05.05.2021 жылғы № 431 Бұйрығымен (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.05.2021 жылғы № 498 Бұйрығымен (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 17.06.2021 жылғы № 581 Бұйрығымен (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.07.2021 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 25.08.2021 жылғы № 863 Бұйрығымен (өзгерту 07.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.01.2022 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші – Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес интеграциялау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарының немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің тиісті уәкілетті органының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-порталда автоматты түрде айқындалатын әлеуетті өнім берушінің кірістері, төленген салықтары және еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштер жиынтығы (бұдан әрі – осы Қағидалардың 293-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын мемлекеттік кірістер органдары);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.10.2023 жылғы № 1049 Бұйрығына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
3) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
Полная версия
ИС BestProfi