1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 572 Қаулысы
"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 572 қаулысымен бекітілген
Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Ереже тіркеу және есепке алу тәртібін салалық бағыттылығына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін оның жекелеген түрлерін қоспағанда, химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
3. Осы Ереженің күші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы тиісті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тіркейтін пестицидтерге (улы химикаттарға) қолданылмайды.
4. Сатуға және пайдалануға арналмаған көрмелік немесе тәжірибелік үлгілерден басқа осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілмейді.
5. Осы Ережеде Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тізілім - тіркелуі туралы қажетті мәліметтері бар әрі индустрия және сауда саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі (бұдан әрі - тізбе);
химиялық өнімді тіркеу - уәкілетті органның өтінім құжаттарын қарау нәтижелері бойынша тізілімге химиялық өнім туралы мәліметті енгізу және тіркелгені туралы куәлік беру;
тіркеу туралы куәлік - химиялық өнімге оның тіркелуін растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат.
2. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібі
6. Химиялық өнімді тіркеу үшін негіздеме оның химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі болып табылады.
7. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу процесі мыналарды:
Полная версия