«Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 4-4/61 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид (улы химикат) тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
2) арнайы техника – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) әрекет етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әрекет етуге әкелетін пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық белсенді бөлiгi;
4) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әрекет етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
5) зиян тигiзудiң экономикалық шегi (бұдан әрі – ЗЭШ) – одан төмен болғанда қорғау іс-шараларын жүргізу экономикалық тұрғыдан ақталмайтын өсімдік зиянкестері, аурулары және арамшөптер санының деңгейі;
6) зиянды организмдер – топыраққа, өсiмдiктерге және ауыл шаруашылығы өнiмiне керi әрекет ететiн өсiмдiк зиянкестері, арамшөптері және аурулары;
7) қайта тiркеу – пестицидтi (улы химикатты) тiркеу куәлiгінiң қолданылу мерзiмi өткен соң қосымша сынақтар жүргiзбестен қайтадан мемлекеттік тiркеу;
8) қатер – нақты қолдану жағдайындағы пестицидтiң (улы химикаттың) ықтимал қауiптiлiк дәрежесi;
Полная версия