1. Қосымшаға сәйкес Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшінөтінішнысаны бекітілсін.
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 маусымда № 8509 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларының 7 және8-тармақтарына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
2. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 365-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 8201 тіркелген, 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 16-20 (27959) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің
төрағасы
_________ Ә. Смайылов
15 мамыр 2013 жыл
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығына қосымша
нысан
Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін
ӨТІНІШ
1. Табиғат пайдаланушының атауы | |
2. Жалпы мәліметтер: 2.1. Заңды мекенжайы 2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта | |
3. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономика секторы (атауы мен коды) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша | |
4. Парниктік газдар шығарындыларына сұралатын квоталар көлемі: 4.1. Ұлттық жоспардан 4.2. Ұлттық жоспардың квота көлемі қорының (жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін) 4.3. Барлығы | ___________________________ тонна ___________________________ тонна ___________________________ тонна |
5. Парниктік газдар шығарындыларына квотаны алу үшін көзі | |
6. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар арналған уақыт кезеңі | 20____ жылға |
7. Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады: | 1) есепті жылға парниктік газдарды түгендеу туралы есеп 2) қондырғының паспорты 3) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бағдарламасы 4) парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
Кәсіпорынның басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты – бар болған жағдайда, лауазымы, қолы, мөр орны)
Полная версия