Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Кодексі
Осы Заң күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 02.01.2021 жылғы № 400-VI Заңына сәйкес Құжат мәтініндегі «жануарлар мен өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктерді» сөздері «өсімдіктер мен жануарлар», «өсімдіктер мен жануарларды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-іV Заңы бойынша ( 03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «зерттеу мен пайдалану», «зерттеу және пайдалану саласындағы», «зерделеу және пайдалану», «зерделеу мен пайдалану» сөздері «зерттеу жөніндегі» сөздерімен ауыстырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен» сөздері «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» сөздермен ауыстырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 16.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жалпы бөлім
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 23.06.2009 жылғы №164-іV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №188-іV Заңымен (23.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-іV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы №479-іV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 03.12.2011 жылғы №505-іV Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;
2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;
3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;
4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;
5) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;
8) валидация (детерминация) – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауы;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 491-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) верификация – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның қондырғы паспортындағы қондырғы операторлары және олардың есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есептерінде қамтылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі туралы және жүзеге асырылатын шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын растауы;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 491-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) генетикалық түрлендірілген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсімін молайтуға немесе оларды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
11) генетикалық түрлендірілген өнімдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе олардың компоненттері бар, гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып, өсімдіктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнімдер;
11-1) гидрологиялық мониторинг – су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-2) диспергенттер – табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы;
1-бап 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия