Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 7-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2015
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 04 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 мамырда № 8484 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 28.04.2015 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Л. Шекимова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 20 мамырдан ерте емес.
Төраға А. Байменов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/63 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бақылау ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бақылау қағидалары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мен оның аумақтық бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Бақылауды жүргізу тексерулер және мониторингілеу нысанында жүзеге асырылады, оның ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Қағидалармен айқындалады.
3. Бақылау:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) құпиялықты сақтау;
Полная версия